Үш Қиян Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газет

www.tor.kz

Мында өту: бағыттау, іздеу

Мазмұны

«Үш қиянның» үздіксіз жұмысына 10 жыл!

2 September 2010 Осыдан 10 жыл бұрын 2000 жылы 4-ші тамыз күні тұсауы кесіліп, алғашқы нөмірін оқырман назарына ұсынғаннан бастап, үздіксіз шығып келе жатқан «Үш қиян» газеті №482 нөмірін де мінеки, қолдарыңызға тигізіп отыр. 10 жылғы тынымсыз еңбек, ел тәуелсіздігінің қалыптасу жылдарында қазақ қоғамының ұйысуына, айтар сөзіне, іздегенін табуға, сұрағанын алуға өзіндік үлесін қосты деп сенеміз. Кешегі тәуелсіздіктің алғашқы [...]

Саясат тақтасындағы мемлекеттік тіл жүрісінен неге жаңыла береді?

2 September 2010 «Протокол қызметi туралы Ереже» жөнiнде не бiлемiз? «Демократиялық жаңаруларды жүзеге асырғалы жатқан екенсiздер. Жөн. Бiрақ ұлттық даралықтан айрылып қалмаңыздаршы!». Малайзия парламентiнiң өкiлдер палатасынын төрағасы Нга Талиб мырзаның анабiр жылы Қазақстанға жасаған ресми сапарында сол тұстағы Сенат төрағасы Нұртай Әбiқаевпен болған кездесуiнде айтқан осы сөзiнiң астарында не жатыр? Әлде ұлттық идеяны әуелi тiлмен байланыстыратын малайзиялық мәртебелi мейманның итальяндық «Ренко» [...]

Теңіздердің тамыры

2 September 2010 журналистік сапар «Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы 26-28 тамыз аралығында Маңғыстау облысында ІІ Халықаралық «Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл шара алғаш рет осыдан үш жыл бұрын өткен болатын. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Иран, Америка Құрама Штаттары елдерінің көрнекті ғалымдары, мемлекеттік деңгейдегі лауазымды қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында Ресей ғылым академиясының тарих институтының [...]

«Орталық Азиядағы исламды зерттеу қатты қызықтырды»

2 September 2010 сырткөз Маңғыстаудағы ІІ Халықаралық «Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-практикалық конференциясы аясында 27-тамыз күні Шопан-ата, Бекет-ата әулиелердің басына алыс-жақыннан қонақтар зияраттаған болатын. Соның арасында АҚШ-тан келген профессор, исламтанушы Девин Ди Уис те бар. Маған Пір Бекет әулиенің жер асты мешітіне қарай төменге түсер жолда онымен жолығудың сәті түсті. Профессор Девинді «Баба түкті шашты әзіз», «Алтын Орданың исламға [...]

«Қазақ елі – иісі түріктің асыл негізі»

2 September 2010 Сыр-сұхбат – Асылы апа, жан-жүрегіңіз қазақ деп елжіреп жүреді ғой. Менің өзіңізбен бір сырласқым келіп тұр. – Иә, айналайын, айта ғой. Қызметіңе жарайын. – Өзіңіз білесіз, мына жаһандыру дәуірінде ұрпақ тәрбиесіне мән беру өте өзекті. Осы орайда мектептегі, үйдегі бала тәрбиесінде неге маңыз беру керек, нені ескеру керек? – Мен ұстаз ретінде, Қазақстан қоғамының азаматы ретінде айтарым, баланы алдыменен [...]