Ақпарат орталығы

www.tor.kz

Мында өту: бағыттау, іздеу

Негізгі мақсаты: Бүкіләлемдік Интернет жүйесінде ақпарат тарату және орналастыру, техникалық қызмет көрсету, олардың жұмысын жолға қою, сонымен қатар даму проблемаларын зерттеу. Халқымыздың рухани, мәдени деңгейін көтеру арқылы қазақ өркениетінің жаңғырып-дамуына үлес қосу. Заман талабына ілесе отырып, бүкіләлемдік желінің көмегімен жас жеткіншектерден бастап еліміздің әр азаматына ұлттық мүдде тұрғысынан қызмет ету. СD және DVD дискілер және танымдық бағдарламалар жасау. Сайт жұмысында Авторлық құқықтар және жанама құқықтардың толық сақталуын қамтамасыз ету, online конференцияларды ұйымдастыру.


Жоба аясында көрсетілетін қызметтер:
1.Бейнелі-үнді (Видео-аудио) ақпараттарды мәтіндерімен, өз дауысымен жариялау.
2.Бейнефайлдарды(Видеофайлдар) таныстыру, кіріспе бөлімін жариялау.
3.Жекелеген азаматтардың тапсырыстарын қабылдау.
4.Бейнелі-үнді(видео-аудио) өнімдерді СD-DVD дискілері арқылы тегін тарату.
5.Интернет арқылы тапсырыстар қабылдау.
6.Тұрақты түрде тікелей онлайн-конференцияларын жүргізу және ұйымдастыру.
7.Қоғамдық Бірлестіктер Одағы мүшелерінің іс-шараларын тұрақты жарнамалау.


Жоба аясындағы қосымша мүмкіндіктер:
1.«tor.kz» порталынан өзіңізге жеке блог ашуға мүмкіндігіңіз бар.
2.Егерде сіздің қолыңызда конференция немесе жиналыс, я болмаса концерттік бағдарламалар мен сұхбат, деректі фильмдер мен тосыннан түсірілген сенсациялық немесе тарихи түсірілімдер болса сайт бетіне орналыстыру мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін видеофайлыңызды редакцияға мәтінімен қосып әкелсеңіз болды.
3.Отбасылық той-думан, жекелей түсірілімдеріңізді өз сайтыңызға немесе блогыңызға салып береміз және СD, DVD дискілеріне көшіріп жазып бере аламыз.
4.Интернет жүйесіндегі видеоматериалдарды қажетсіңсеңіз, оларды да CD, DVD дискілеріне көшіріп баса аламыз.
5.Барлық авторлардың авторлық құқықтары қорғалады және мұрағатта сақталады.


Алғашқы жоба: «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Көкпар» ток-шоу бағдарламасы.

Жеке құралдар