Ана тілі газеті
www.tor.kz
Мазмұны |
Айт мүбарак болсын!
10 September 2010 «Рамазан келерде сансыз сезімдер мен толып тасыған ойлар салтанат құрады. Күн мен түн де тұтастай илаһи (құдайлық) рақымдылық пен кешірімділікке толып тасады. Мезгілі біткен сәтте жүректерге өзіне деген қимас сезім мен сағыныш-сазы тұнады. Бірақ сол бір жүректері Рамазанға айналған жандарды жасытпай, оларды іші құт-береке мен қуаныш-шаттық толған Айт күніне аманаттайды». Бұл – Ислам ғылымхалы кітабындағы жолдар. [...]
Ырыс-несібемізді адалынан молайтқай!
10 September 2010 Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар! Әр күнін ораза ұстап, сансыз құлшылық жасап, дұға-тілекпен өткізген қасиетті Рамазан айымен де қимай-қимай қоштаспақпыз. Алла Тағаланың рақымы мен мейіріміне, кешірімі мен шарапатына толы бұл айды әлі талай еске алатынымыз хақ. Десек те, қасиетті айда іле-шала Айт мерекесі де жетіп, дүние мен ақиреттің ғажап құндылықтарын сездіріп, жүрегімізді ерекше рахат сезіміне бөледі. Бұл [...]
Сібір суы Қазақстанға жетсе, кәнеки!
10 September 2010 Өскеменде Қазақстан мен Ресей арасындағы VII өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Форумға Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев қатысты. Реті келгенде айта кетейік, Ресей мен Қазақстанның шекаралас облыстары басшыларының бірінші форумы 2003 жылы сәуірде, екіншісі 2005 жылғы мамырда Челябіде, үшіншісі 2006 жылдың қазанында Орал қаласында, төртіншісі 2007 жылғы қазанда Новосібірде, бесіншісі 2008 жылдың қыркүйегінде [...]
“Қыз Назым шықты бұраңдап…”
10 September 2010 «Қамбар батыр» – қазақ халқының қаһармандық жыры. Жырдың 19 нұсқасы бүгінгі ұрпаққа жетті. Жырдың басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. «Қамбар батыр» жыры батырдың есейіп, ел қамқорлығы болған тұсынан басталады. Негізгі кейіпкер оқиғаға араласпас бұрын Әзімбайдың қисапсыз мол байлығы, оның алты ұлы және сұлу қызы – Назымның сән-салтанаты марапатталады. Онан соң қыз баланы [...]
Мәңгүрт мәтіндер – ми батпақ
10 September 2010 «Ана тілі», №31, 7 тамыз, 1996 ж.Бұрынғыдай емес, қазір, Құдайға шүкір, «азық-түлкі», «рыба-былық», «мясо-өт» секілді қазақшасы кісі қарағысыз жазулардан біртіндеп арылып келеміз. Дегенмен көше-көшелерде, мекемелердің маңдайшаларында қатесі көп «мәңгүрт мәтіндер» әлі де кездеседі. Пәлі! «Әлі де кездеседі» деп сонша сыпайылағанымызға жол болсын? Олар қарсы алдымыздан қадам басқан сайын шығады емес пе? Жоқ, тіпті қадам басудың да қажеті [...]




