Азаттық Радиосы
www.tor.kz
Құран өртеудің соңы неге ұласпақ?
10 September 2010 Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстелі «Америка Құрама Штаттарындағы христиан шіркеуінің Құранды өртеуіне Қазақстан мұсылмандары қалай қарайды?» деген тақырыпқа арналды.
Тәжікстан билігі жастардың Иран мен Пәкістаннан діни білім алуына тыйым салды
10 September 2010 Тәжікстан билігі Душанбеден Теһранға аттанғалы тұрған бір топ тәжік студент жастары мен ғалымдарды жібермей қойды. Олар Иранға қысқа мерзімді діни оқуға бармақшы еді. Мұндай оқиға осымен бірнеше рет қайталанып отыр.
Президент Назарбаев өмірден өткен үзеңгілесі Нидің отбасына көңіл айтты
10 September 2010 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні дүниеден өткен саяси серігі Владимир Нидің отбасына көңіл айтқан жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі президент кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Осыған дейін хабарланғандай, «ХОЗУ Корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры, Владимир Ни ұзаққа созылған науқастан 78 жасында Швейцария ауруханасында қайтыс болды. Оны жерлеу рәсімі жексенбі күні Алматыда өтеді. Владимир Ни 1985-1988 жылдар аралығында Қазақ ССР ...
2011 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы 30% өседі
10 September 2010 Алдағы жылы медицина саласындағы қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілетін болады. Бұл туралы жұма күні онлайн конференция кезінде денсаулық сақтау вице-министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді. Оның айтуынша, президенттің 2008 жылдың ақпанындағы жолдауына байланысты 2009 жылғы бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25%-ға, 2010 жылдың сәуірінен тағы 25% және 2011 жылы 30 пайызға өседі. Министрдің пікірінше, елде жалпы ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізінде, науқастар жиі ...
Ауғанстанда НАТО-ның әуе соққысынан 3 бүлікші қаза тапты
10 September 2010 НАТО әскерилерінің хабарына қарағанда, Ауғанстандағы бүлікшілер жетекшісі әуе соққысынан қаза болды. Елдегі парламенттік сайлаулар қарсаңында Кабулға шабуыл жасауды жоспарлап жүрген ол екі үзеңгілесімен бірге Мусахи ауданында өлтірілген. НАТО-ның мәлімдемесінде, одақтас күштердің бейсенбінің түніндегі әуе шабуылы онда бейбіт халық жоқ екені анықталған соң болды делінген. Талибандар Ауғанстандағы парламенттік сайлаулар кезінде шабуылдар жасайтынын ескертіп, ауғандықтарды дауыс беруге ...




